Күте тұрыңыз...
Сайтымен жұмыс жасау ыңғайлығы үшін браузеріңізде cookies қосыңыз. Инструкция как это сделать здесь.

Жоба туралы

Евгений ЧуриковСәлеметсіздер ме, достар! Менің аты-жөнім Евгений Чуриков, мен sozdik.kz жобасын құрастырушымын. Жобаның мақсаты — Интернетте толық орыс-қазақ және қазақ-орыс тілдерінің сөздігін құру. Жобаның бірыңғай сөздік қоры сондай-ақ Android және iOS платформаларына арналған біздің sozdik.kz мобильді қолданбамызда қолданылады. sozdik.kz жобасы 2000 жылдың қазанында іске қосылып, Қазақстан мен басқа елдердің пайдаланушылары арасында танымалдылыққа ие болды. Сайт пен қосымшаның көмегімен пайдаланушылар айына үш миллион сөз аударады.

sozdik.kz жобасын дамытуға жеке қаражат қолданылды. 2011 және 2014 жылдары жоба хостингі үшін екі сервер сатып алынды. 2015–2020 жылдары аудармашылардың сөздік қорын тексеруі және қазақ тіліндегі сөздерді дыбыстау үшін жеті миллион теңге жұмсалды.

Сонымен қатар, сайт хостингі үшін ай сайынғы шығындар бар. 2020 жылдың жазынан бастап sozdik.kz жобасы сенімді «бұлтты» хостингті қолданады. Оның ай сайынғы төлемі 48 000 теңгені құрайды.

sozdik.kz жобасының құрылу тарихымен мына бейнебаянда танысуға болады: