Күте тұрыңыз...
Сайтымен жұмыс жасау ыңғайлығы үшін браузеріңізде cookies қосыңыз. Инструкция как это сделать здесь.

Нұсқама

Осы беттегі ақпарат sozdik.kz онлайн сөздігін қаншалықты тиімді пайдалануға болатынын түсінуге мүмкіндік береді.

Онлайн сөздікті пайдаланудың бірнеше қарапайым ережесі бар:

1. Аударманың бағытын бақылап отырыңыз. sozdik.kz сөздігінің жаңа нұсқасында аударманың бағыты автоматты түрде анықталмайды. Сөзді қазақ тілінен аударатын болсаңыз, «тілінен» тізімінде Қазақ тілін орнату қажет. Бұл жағдайда, «тілге» тізімінде автоматты түрде Орыс тілі орнатылады. Дәл осылай, егер Сіз сөзді орыс тілінен аударатын болсаңыз, «тілінен» тізімінде Орыс тілінің орнатылғанына көз жеткізуіңіз қажет. Ескерту: қазақ тіліне тән ерекше әріптерді енгізу кезінде, сөздік Сіздің қазақ тіліндегі сөзді аударуды қалайтыныңызды «түсініп», «тілінен» тізімінде Қазақ тілін автоматты түрде орнатады. Егер Сіз сонда да аударма бағытын шатастырып, сөз табылмаған жағдайда, сөздік аударма бағытын кері өзгертіп, сөз табылған жағдайда оның аудармасын береді.

2. sozdik.kz жобасы сөздік болып табылады, бірақ аудармашы емес. Сөздік бір сөзді немесе сөз тіркесін аудара алады, ал аудармашы сөздерді де, еркін мәтінді де аудара алады. Сөздік тармақ осы сөздің сөйлемше және сөйлем түрінде қолдану мысалдарынан тұруы мүмкін. Мысалы, егер Сіз керемет сөзін енгізген болсаңыз, сөзді қолданудың келесідей үлгілерінен тұратын сөздік тармақ пайда болады: дүниенің кереметі, техниканың кереметі, керемет ақын, керемет үлкен және т. б. Сондай-ақ, сөздік керемет ақын, керемет үлкен сөзтіркестері мен өзге тіркестердің жеке мысалдарын ұсынады.

3. sozdik.kz сөздігі енгізілген сөздің морфологиясын есепке алмайды. Сол себепті, сөздерді әдеттегі қағаз сөздіктен іздеу кезіндегі сияқты, аудару қажет сөзді алдымен дұрыс қалыпқа өзгерту қажет. Кейбір ережелер естеріңізде болсын: зат есім үшін, әдетте, атау септігі мен жекеше түрді қолдану қажет. Осылайша, певец сөзінің аудармасы табылса, певца, певцов, певцы сөздерінің аудармалары табылмайды. Көп жағдайда сын есімдерді жекеше түрде ер тегіндегі зат есімдер үшін қолданылатын түрде алу қажет. Мысал үшін, красивый сөзі табылатын болса, красивого, красивая, красивое, красивые сөздерінің табылмайтыны сөзсіз. Етістік үшін инфинитивті қолдану қажет.

4. Сөзді/сөз тіркесін іздеу кезінде, «Сөз» ұяшығына осы сөздің/сөз тіркесінің бірінші әріптерін енгізуді бастаңыз. Әріптердің енгізілуіне қарай, сөздік Сізге «көмектесе бастайды» — алаңның төменгі бөлігінде Сіз енгізген әріптерден басталатын сөз/сөз тіркесінің 10 нұсқасы көрсетіледі. Бұл сөздіктің ішінде бар сөздер. Осы «көмекті» міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

5. «Сөз» ұяшығына сөздерді қатесіз енгізуге кеңес береміз. Бәлкім, Сіз іздеген сөз сөздікте бар, алайда Сіз оны қате енгізген боларсыз. Сөзді теру кезінде бір әрпін қате жазған болсаңыз, сөздік ары қарай өтіп, аудармасын табуға болатын, жазылуы жағынан ұқсас сөздерді көрсетеді. Мысал үшін, орыс тілінен қазақ тіліне аудару кезінде, қате жазылған карова сөзі, әрине, сөздіктен табыла қоймас, алайда сөздік Сізге дұрыс жазылған корова сөзін ұсынады, ал Сіз оны басу арқылы сөздік тармағына көше аласыз.

Аудармаларыңыз сәтті болсын!

Ізгі ниетпен, sozdik.kz құрастырушыларының ұжымы.