Күте тұрыңыз...
Сайтымен жұмыс жасау ыңғайлығы үшін браузеріңізде cookies қосыңыз. Инструкция как это сделать здесь.

Пайдалану ережелері

1. Жалпы декларациялар.

1.1. «Орысша-Қазақша сөздік» сайты (бұдан әрі Сайт) https://sozdik.kz/ мекенжайында орналасқан және тәжірибе алмасу үшін, көбіне орысша-қазақша және қазақша-орысша бағыттағы аудармалар саласымен байланысты мәселелердің кең көлемін талқылау және шешу үшін арналған.

1.2. Сайт Сайт иелерінің жеке меншігі боп табылады. Сондықтан онда ешқандай демократия жоқ, яғни сайтқа кірушілер оны тікелей басқара алмайды, ондай болған емес және болмайды. Бұл дегеніміз иелері Сайтқа кірушілердің ойына құлақ аспайды деген сөз емес, керісінше, жаңа қатысушылар мен олардың пікірлерін қуана қабылдайды, бірақ қатысушылар кез келген шешімді қабылдауда соңғы сөз әкімшіде ғана болатынын түсінуге тиіс.

1.3. Бұл құжат (бұдан әрі Ережелер) Сайттың басты және негізгі құжаты боп табылады, ол пайдаланушылардың Сайт жұмысына қатысу қағидаларын айқындайды.

1.4. Ережелерді Сайт иелері және олардың сенімді өкілдері - Сайт әкімшілері орнатады.

1.5. Сайтты және онда берілген материалдарды кез келген тәсілмен қолдана отырып, сіз осы арқылы Ережелер шартын қабылдайсыз. Керісінше жағдайда Сайтты және оның материалдарын пайдаланудан дереу бас тартқаныңыз дұрыс.

1.6. Ережелерді білмеу сізді жауапкершіліктен босатпайды.

2. Кепілдіктерден бас тарту.

2.1. Сайтқа орналастырылатын барлық материал (қатысушылардың барлық хабарламаларын қоса алғанда) олардың авторларының ғана ойларын білдіреді. Әкімшілік айтылған материалдарды қолдану (немесе қолданбау) нәтижесінде сізге және сіздің меншігіңізге келтірілген тікелей не жанама залал үшін, жоғалған пайда, ақпаратты жоғалтып алу және т.с.с. үшін ешқандай жауапкершілік алмайды, олардың толық, пайдалы және дұрыс екендігіне қандай да бір кепілдік бермейді. Сіз оларды тек өз жауапкершілігіңізбен ғана қолдана аласыз.

2.2. Сайтқа орналастырылатын хабарламалар авторлары хабарламаларына мүліктік емес жеке құқықтарын сақтайды және әрбір нақты жағдайда қолданылатын құқық салдарынан осындай жауапкершілік орын алатын болса, олардың мазмұны үшін барлық жауапкершілікті алады.

2.3. Сайт әкімшілігі пайдаланушылардың құпия тіркелу ақпаратын құпия сақтайды (IP және e-mail мекенжайлар және әлеуметтік желілер арқылы тіркелген кезде алынған ақпаратты), бірақ Ережелерді өрескел бұзатын қатысушыларға бұл қатысты болмауы мүмкін. Бұл жағдайда, ішкі шаралармен қатар, кез келген қолжетімді ақпарат Ережелерді бұзу деңгейіне, дәрежесіне және түріне сәйкес құқық қорғау органдары, интернет қызметтерін жеткізушілер немесе жұмыс берушілермен бірге пайдаланушының әрекеті және оның Сайтта бұдан әрі болуының лайықтылығы жайлы мәселені шешу үшін пайдаланылуы мүмкін. Әкімшіліктің сондай-ақ мұндай әрекеттердің нәтижелері туралы (құпия ақпаратты қоспағанда) көпшілікке хабарлау құқығы бар.

2.4. Сайт парақшаларында орналастырылған жарнамалық материалдардың (заңда көзделген жағдайларды қоспағанда), және Сайттан тыс орналастырылған материалдардың, соның ішінде Сайттағы материалдар сілтейтін материалдардың мазмұнына Сайт әкімшілігі ешқандай жауапкершілік алмайды.

3. Тіркелу.

3.1. Сіздің аккаунтыңыз (атыңыз, аватар) — бұл сіздің даралығыңыз. Егер Сайттың тұрақты қолданушысына айналсаңыз, ол сіз және сіздің деңгейіңіз жайында хабар беретін визиткаңыз болады.

3.2. Тіркелу кезінде шынайы пошта жәшігін көрсетуіңіз қажет, әйтпесе тіркелуді аяқтай алмайсыз және авторизациядан өте алмайсыз – көрсетілген e-mail мекенжайға коды бар хат келеді, ал оны аккаунтты белсенді қылу үшін сайттағы формаға енгізу қажет. Сонымен қатар, әкімші қандай да бір мәселелер туындағанда сізбен хабарласуға мүмкіндік беретін e-mail мекенжайды білуі тиіс.

3.3. Тіркелу кезінде «Ел» және «Қала» тармақтары сіз қолданатын ІР мекенжайға сәйкес автоматты түрде толтырылады. Қате толтырған жағдайда кейін ол тармақтарды профиліңіздің баптауларында өз бетіңізше өзгерте аласыз.

3.4. Қатысушы тіркелу кезінде Сайттан ақпараттық хабарламалар алуға келіседі. Пайдаланушы кейін аталмыш хаттарды алудан бас тартуға құқылы.

3.5. Құпиясөзіңізді ешкімге көрсетпеңіз. Егер әлдекім Ережелерді сіздің атыңыздан өрескел түрде бұзатын болса, әкімшілік дәл сіздің аккаунтыңызға шара қолданады.

3.6. Жеке деректеріңізді кез келген уақытта кабинетіңіздегі баптаулар арқылы өзгерте аласыз.

3.7. Сіз өз аккаунтыңызды жоя алмайсыз, бірақ ерекше жағдайларда, егер дәлелді себебі бар болса, конференция әкімшілерінен оны жоюды сұрауыңызға болады.

4. Қатысушылар топтары.

4.1. Сайтта қатысушылар үшін мынадай топтар қабылданған:

4.11. Әкімші.

4.12. Модератор.

4.13. Пайдаланушы.

4.14. Оқырман: 5 немесе одан артық ескерту алған пайдаланушы.

4.2. Әкімшілер және модераторлар — Сайттың қатысушылары. Олар талқыланатын сұрақ бойынша пікірталасқа қатыса алады. Әкімшілерге және модераторлардың басқа пайдаланушыларға жариялаған ескертулері мен ескертпелеріне Ережелер жүрмейді. Әкімшілер мен модераторлар Ережелерді өздерінің дұрыс ой туралы пайымдарына сәйкес түсіндіреді.

5. Тақырыптар/сұрақтар қою және хабарламалар жазу.

5.1. Сайтқа шығатын ақпарат алдын-ала редакцияланбайды, сондай-ақ тексерілмейді. Басқа қатысушылар жариялайтын ақпаратқа әкімшілік белсенді бақылау жүргізбейтінін естеріңізде сақтауды сұраймыз. Хабарламалар тек авторлардың пікірін білдіреді.

5.2. Тақырыбыңызды/сұрағыңызды қоярда мына ұсыныстарды ескеріңіз:

5.21. Тақырып атауында/сұрақта оның мәнін көрсетіңіз, ал бірінші хабарламада егжей-тегжейлі сипаттама болсын.

5.22. Тақырып атауын/сұрақты және бірінші хабарламаны қаншалықты нақтырақ құрастырсаңыз, мазмұнды пікірталас туындау ықтималдығы соншалықты артатынын есте ұстаңыз.

5.3. Жекелеген қатысушылар тарапынан арандатушылыққа ермеңіз. Тіл тигізгенге тіл тигізіп жауап қатпаңыз. «Шағым» батырмасын басыңыз және шағымның мәнін сипаттаңыз. Қалғанын әкімшілік істейді.

5.4. Сайт жұмысы жайлы ескертпелер, ұсыныстар мен пікірлер үшін Кері байланыс бөлімі бар. Бес жұмыс күні ішінде жауап алмасаңыз, қайтадан жүгініңіз. Ақпараттық бөлімдерде (Ережелер, Нұсқаулық және басқ.) жауабы бар сұрақтарға Пайдаланушыларды қолдау қызметі жауап бермеуге құқылы.

6. Сайтта тыйым салынған әрекеттер.

6.1. Жалпы сипаттағы тыйым салынған әрекеттер:

6.11. Сайт иелерінен тиісті өкілеттік алмай тұрып, әкімшілік атынан сөз сөйлеуге тыйым салынады.

6.12. Сайтта әкімшілік әрекеттерін талқылауға тыйым салынады. Бірдеңе айтқыңыз келсе, мұны e-mail, жеке хабарламалар және т.б. арқылы істеңіз.

6.13. Хат алмасу қатысушыларының барлығының келісімінсіз пайдаланушылардың жеке хат алмасуын жариялауға тыйым салынады.

6.14. Сайтта транслитті пайдалануға тыйым салынады. Транслитерация жүйелерін қолданыңыз.

6.15. Ақпаратты көру үшін міндетті тіркеуді талап ететін парақшаларға сілтемелер жасауға тыйым салынады.

6.2. Қатысушы аккаунтын тіркеу және басқару кезіндегі тыйым салынған әрекеттер:

6.21. Латын және орыс әріптері бірге жүрген пайдаланушы аттарымен тіркелуге тыйым салынады. Бұл Сайт қатысушыларын сәйкестендіруде шатасуға әкелуі мүмкін. Мұндай аттары бар қатысушылардың тіркеу ақпараты ескертусіз кез келген уақытта жойылуы мүмкін.

6.22. Егер Сайт иелерімен келісілмесе, жанама жарнама ретінде сайттардың мекенжайлары, фирмалар мен брендтер атаулары бар пайдаланушы атымен тіркелуге тыйым салынады.

6.23. Мағынасыз символдар жиынтығынан тұратын пайдаланушы атымен тіркелуге тыйым салынады. Мағыналылық деңгейін әкімшілік айқындайды.

6.24. Екі және одан көп аккаунт құруға тыйым салынады (қосарлы тіркелу).

6.25. Егер Сайт иелерімен келісілмесе, өз есептік жазбаңды әлдекімнің пайдалануына беруге тыйым салынады.

6.26. Басқа пайдаланушы профилінің деректерін (аватар, қолтаңба және т.б.) өзіңдікі деп көрсетуге тыйым салынады.

6.3. Тақырып/сұрақ қою кезінде тыйым салынған әрекеттер:

6.31. Тақырыптағы сұрақтардың жауабы ақпараттық бөлімдерде (Ережелер, Нұсқаулық және басқ.) бар болса, немесе Сайтта жақында ғана талқыланған мәселелерге қатысты жаңа тақырыптар/сұрақтар қоюға тыйым салынады. Өзіңізге қажет сұрақтарға жауап табу үшін Іздеуді қолдануды ұмытпаңыз. Мұқият болыңыз, тақырып жазар алдында бұрыннан барларды қарап шығыңыз. Есіңізде болсын, өзгенің жинақтаған тәжірибесін қолданудан бас тарту, ең алдымен, сізге қарсы жұмыс жасайды. Сайттың тұрақты қолданушыларына бір сұрағы ғана бар тақырыптарды қайталап көрген мүлдем қызық емес. Сондықтан тақырыбыңыз жабылып не өшіріліп, сізге жаза қолданылатын жағдай туындауы мүмкін.

6.32. Сайт тақырыбына сәйкес келмейтін жаңа тақырыптар/сұрақтар қоюға тыйым салынады.

6.33. Бірнеше бөлімде бір уақытта жаңа тақырыптар/сұрақтар қоюға, не болмаса бірдей тақырыпты/сұрақты қайтадан қоюға тыйым салынады.

6.34. Атауында ТЕК ҚАНА БАС ӘРІПТЕР БОЛАТЫН не БАс ӘрІПтЕР КӨПтЕП кездесетін жаңа тақырыптар/сұрақтар қоюға тыйым салынады. Сұқбаттастарыңызды құрметтеңіз, оларға айқайлап тұр деген ой қалыптасуы мүмкін.

6.35. Атауында ==- Менің тақырыбым-== деген сияқты безендірілген жаңа тақырыптар/сұрақтар қоюға тыйым салынады.

6.36. Сайттың нақты қатысушыларына қаратып айтылған жаңа тақырыптар/сұрақтар қоюға тыйым салынады.

6.37. Атауында талқыланатын мәселенің мәнін көрсетпейтін, мағынасыз ақпараттан тұратын (мысалы, «Көмектесіңіздер», «Пәленше, жауап бер») жаңа тақырыптар/сұрақтар қоюға тыйым салынады.

6.4. Хабарламаларды жариялау кезіндегі тыйым салынған әрекеттер:

6.41. Қолданыстағы заңнаманы бұзуға шақыратын, үндеулерден, нәсілшілдік сипаттағы сөздерден, ұлтаралық араздықты қоздырудан және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келетін басқа да дүниелерен тұратын хабарламаларға тыйым салынады.

6.42. Хабарламаның кез келген элементінде анық жалған, қорлаушы, дөрекі, ерсі ақпараттан тұратын хабарламаларға тыйым салынады.

6.43. Сұқбаттастардың сөздерінен «суырып алу» түрінде пікірталасты әділетсіз жүргізу тәсілдерінен тұратын хабарламаларға, бастапқы мағынасын бұрмалау/жасыру мақсатында өз хабарламасын түзетуге/жоюға, сондай-ақ нәтижесінде аталмыш Ережелер бұзылуы мүмкін Сайт қатысушыларына бағытталған арандатушылыққа тыйым салынады.

6.44. Хабарламаның кез келген элементінде келісілмеген жарнамадан тұратын хабарламаларға тыйым салынады. Сайт иелері Сайтқа жарнама орналастырудың айрықша құқығына ие.

6.45. Дөрекі, балағат сөздер мен тіл тигізуден тұратын хабарламаларға тыйым салынады. Стилистикалық қажеттілігі болған жағдайда ғана балағат сөздерге жол беріледі, мысалы, дәйексөздерде, және де, егер Сайт қатысушыларына бағытталмаса. Бірақ тіпті осы жағдайда сөз түбіріндегі жазылуы бойынша басқаларына ұқсамайтын кем дегенде екі символды ауыстыру міндетті.

6.46. Мағынасыз, мазмұнсыз ақпараттан тұратын хабарламаларға тыйым салынады. Сондай-ақ пікірталас тақырыбына тіпті жанама түрде қатысы жоқ ақпаратқа да.

6.47. Сайт қатысушыларына жеке қаратып айтылатын хабарламаларға тыйым салынады. Жеке хабарлама үшін жеке хабарламалар және басқаларын қолданыңыз. Мәселелерді шешумен қатар жүретін жеке пікірталастарға тыйым салынбайды.

6.48. Атауында ТЕК ҚАНА БАС ӘРІПТЕР БОЛАТЫН не БАс ӘрІПтЕР КӨПтЕП кездесетін хабарламаларға тыйым салынады. Сұқбаттастарыңызды құрметтеңіз, оларға айқайлап тұр деген ой қалыптасуы мүмкін.

6.49. Қатарынан үш смайлдан артық жазылған хабарламаларға тыйым салынады.

7. Жазалау.

7.1. Жазалау туралы шешімді Сайт әкімшілігі қабылдайды.

7.2. Пайдаланушы Ережелерді әр бұзғаны үшін ескерту алуы мүмкін. Бірінші ескертуді алған кезде пайдаланушы 1 (бір) күн мерзімге хабарлама жолдау құқығынан айрылады. Екінші ескертуді алғанда — 5 (бес) күнге. Үшінші ескертуді алғанда — 10 (он) күнге. Төртінші ескертуді алғанда — 20 (жиырма) күнге. Пайдаланушы бесінші ескертуді алғаннан кейін хабарлама жөнелту құқығынан біржолата айрылады.

7.21. Пайдаланушы осы Ережелердің 6.21, 6.22, 6.23, 6.24 және 6.41 тармақтарын бұзған кезде бір уақытта бес ескерту алады және хабарлама жөнелту құқығынан біржолата айрылады.

7.22. Пайдаланушы хабарламада Ережелерді бұзған жағдайда, Сайт әкімшілігі осы хабарламаның мәтінін жоюға құқылы.

7.23. Жазалау мерзімі Ережелерді бұзған пайдаланушыға ескерту шығарған сәттен бастап есептеледі.

7.3. Сайтта сонымен қатар қосымша жазалар көзделген. Қосымша жазаларды Сайт иелері ғана тағайындауы мүмкін.

7.4. Жазаны алып тастау тәртібі:

7.41. Бір не бірнеше ескерту амнистиялау кезінде алынып тасталуы мүмкін. Амнистияны Сайт иелері жариялайды.

7.42. Сайт алдындағы ерекше еңбегі үшін қатысушылардан ескертулер алынып тасталуы мүмкін. Алып тастау туралы шешімді Сайт иелері қабылдайды.

7.43. Ескертулер бұзған сәттен бастап 30 (отыз) күн өткеннен кейін автоматты түрде алынады.

7.44. Бесінші ескертуден кейін туындаған «тек қана оқу» режимін алып тастау туралы мәселені Сайт иелері бұзу сәтінен кейін бір жылдан соң қарауы мүмкін.

7.5. Жазалауға шағымдану тәртібі:

7.51. Жаза авторын (модераторды) анықтаңыз. Ол Сайттағы тақырыпта хабарлама қалдырып, ескертулер журналыңыздағы жазалау себебі мен шарасын, сондай-ақ жазалау туралы хабарландыру жіберуге міндетті. Ескертулеріңіздің тарихын аватардан сәл төменде тұрған «Ескертулер» сілтемесін басып, қарауыңызға болады.

7.52. Жаза шығарған модераторға оның шешімімен келіспеу себебіңізді байсалды, дәлелді түрде және ақылға сала отырып түсіндіріп, жүгініңіз. Жүгінуде атыңызды, сілтемені, сізге тағайындалған жазаға сәйкес Сайт Ережелерінің тармағын көрсетіңіз.